ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ

09:54, 14 қыркүйек 2021

Экономиканы дамыту – ол кәсіпкерлікті қолдау. Осы тақырып аясында өңірлік Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында берілген уәделерді орындаудың жол картасы талқыланды. Солардың бірі - бизнес саласын дамыту. Бүгінде өңірге инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдай отыра жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тиісті іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру қарқыны қаралып, бизнестің дамуына, экономиканың өсуіне және кәсіпкерлерді қолдауға тікелей ықпал ететін бірқатар маңызды мәселелер қозғалды. Олар: көптеп жаңа жұмыс орындарының ашылуы, несие беру, инвесторлар мен экспорттаушыларды қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру және экспорттық өнімдердің тізімін кеңейту тәрізді маңызды міндеттер. Әсіресе, инвестиция тарту бизнес саласы үшін ерекше рөл атқарады.Еңбек қамтамасыздығы тақырыбын жалғай кетейік, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенованың айтуынша, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында 7677 жұмыс орнын құру көзделген.

Бүгінде облыс көлемінде 53 мың 789 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі процентке артқанын аңғартады. Сондай- ақ, «Еңбек» бағдарламасының да  елдің экономикасын еселеуге елеулі үлес қосып келеді. Оны жүзеге асыру үшін биыл республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
09:33, 23 қыркүйек 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
ЕГІСТІКТІҢ 95 ПАЙЫЗЫ ОРЫЛЫП, ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
10:51, 21 қыркүйек 2021
ЕГІСТІКТІҢ 95 ПАЙЫЗЫ ОРЫЛЫП, ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫ БАЯНДАМА ШЫҚТЫ
10:44, 21 қыркүйек 2021
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫ БАЯНДАМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...