ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ

20:10, 11 мамыр 2021

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының тізіміне жаңа қызмет түрлері қосылды. Ол 13-ші сәуірде енген жетінші өзгерістер пакетінде жазылған. Бағдарлама аясында тауарлардың кеңейтілген тізімі мен несиелеу үшін қызметтер де анықталған. Қарыз алу үшін шекті мөлшер 8-ден 6 пайызға дейін азайтылған. Негізгі қарыз және 2 жылға дейінгі пайыздық мөлшер бойынша жеңілдік кезеңі де қосылған. Тізімге енген жаңа қызмсет түрлері жайлы толығырақ келесі бейнематериалда.

«Әк және құрылыс гипсін өндіру», «Тұз өндіру», «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу», «Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері».  Бұл - «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының тізіміне енген жаңа қызметтер тізімі. Өзгерістердің жетінші пакетіне сәйкес, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына операторлар ретінде лизингтік компаниялар енгізілді. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктер мен Аграрлық несие корпарациясының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 60-тан 50 млрд теңгеге дейін төмендетілді. Бұл өзгерістер бизнестің пікірін және өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып қабылданды дейді сала мамандары.

Өңірде соңғы үш жылда дайын, өңделген өнімдер өндірісінде белсенді өсу байқалады. Өсім биыл да жалғасты. Мәселен, ағымдағы жылдың өзінде құны 2,7 млрд теңгені құрайтын 42 жоба мақұлданды. Субсидия алған негізгі салалар – тамақтану, құрылыс материалдары, металл өнімдері, пластмасса, жиһаз және киім.

Айта кетейік, бағдарлама  бойынша кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесі төмендетіліп 6% құрады. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында несиенің ең көп мөлшері 7 млрд. теңгеге дейін субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін ұлғайтылды. Ал биыл, карантин шектеулеріне қарамастан, бағдарлама аясында жобалар саны 2,5 есе артқан. Бағдарламаның арқасында 300-ден астам отандық кәсіпорын қолдау тауып, жаңа жұмыс орындары құрылған. Сала мамандарының айтуынша, бағдарламаның барлық мақұлданған жобаларын дер кезінде іске қосу бойынша Қостанай облысы 3-ші орында.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
20:12, 18 маусым 2021
ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
20:50, 17 маусым 2021
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...