ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 16 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

20:09, 18 ақпан 2021

Бейімбет Майлин ауданында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде іске асуда. Былтыр «Еңбек» бағдарламасы бойынша ондаған адам істің көзін тауып, табысын еселеді. «Бастау бизнес» жобасы арқылы 65 адам іскерлік негіздеріне оқып шықты. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 16 жоба мақұлданды. Ұсынылған бизнес бастамалар мал және өсімдік шаруашылығы, қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған.

Кәсіпкерлік – маманға жұмыс, елге – ырыс. Осы  ұғым көп кәсіпкердің бизнесін дамытуға  септігін тигізіп отырғаны рас. Мемлекеттік бағдарламаның  шапағатын көріп отырғандар  қатары ауданда көбейіп келеді.  «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті ынталандыруға былтыр   121 млн теңге бөлініп, жоспар артығымен орындалды.  65 адам «Бастау бищнес» жобасы аясында іскерлік негіздеріне үйренді. 10 адамға  5 млн теңге көлемінде грант берілді.

Мемлекет ұсынған  тиімді қаржылық  қолдау тетіктерін тұрғындар мейілінше  пайдаланып жатыр. Мысалы, былтыр «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде  аудан бойынша құны 719 млн теңгеге бағаланған 16 жоба мақұлданды.

Ұсынылған бизнес бастамалар ата кәсіп пен , өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған. Кәсіпкерліктің дамуы ауданда қосымша жұмыс орындарын ашуға, отандық өнім өндіру ісін ілгерлетуге ықпал етпек.

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ӨСІРУШІЛЕР ЖАҢА СУБСИДИЯ АЛАДЫ
20:09, 24 ақпан 2021
МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ӨСІРУШІЛЕР ЖАҢА СУБСИДИЯ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...