ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

ҚАМЫСТЫДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БАР

20:56, 9 шілде 2021

Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы. Тап осы екі салмақты сала Қамысты ауданы экономикасының негізгі тірегіне айналды. Ол үшін түрлі ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Импортқа тәуелділіктен арылу үшін нақты жоспар бар. Соның бір айғағы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға айрықша қолдау көрсетілуде.

Облыс орталығынан қашық орналасқан 11 мыңнан астам тұрғыны бар Қамысты ауданы экономикасының басты тірегі ауылшаруашылығы саласы. Сандарды сөйлетсек, аудандағы ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2 млрд 142.4 млн теңгені, ауыл шаруашылығы 2 млрд 140 млн теңгені құрады. Ата кәсіптің жалпы өнімінің көлемі 2 млрд 140,8 млн теңге болды. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1 млрд 015,6 млн теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2 млрд 989 млн теңгені құрады. Жыл басынан бері ауданда 476 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Барлық салада да көрсеткіштер біршама түзелген. Кіріс те молайыпты.

Қамысты ауданында өткен жылы жол жөндеу жұмыстарының ауқымы кең болды. Елді мекенде бірқатар мемлекеттік бағдарлама аясында асфальт төселді. Осының нәтижесінде отыз процентке жуық аудандық маңызға ие трассалар жаңартылды. Екі ауылға кіреберіс аумақ пен аудан орталығындағы жеті көше жөнделді.

Жалпы, Қамысты ауданында алда іске асырылатын тың жобалар мен жұмыстар көп. Басты міндет - экономиканың әлсіреуіне жол бермеу. Аудан экономикасындағы оң өзгерістер бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға  әсер етуде.   

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
20:30, 29 шілде 2021
ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДЫ АЖАРЛАНДЫРУДА
20:31, 13 шілде 2021
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДЫ АЖАРЛАНДЫРУДА
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛЬБЕРТ РАУДЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
20:11, 13 шілде 2021
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛЬБЕРТ РАУДЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...