ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ДИҚАНДАР КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫН

20:17, 14 сәуір 2021

Денисов ауданында егістікті әртараптандыру кешенді жүргізілуде. Биыл рапс, күнбағыс, зығыр тәрізді майлы дақылдар алқабының көлемі ұлғаймақ. Диқандар бұл дақылдардың экономикалық жағынан тиімді кенін айтады. Көктемгі дала жұмыстарының басталуына аз ғана уақыт қалды. Егін науқанын агротехникалық талаптарға сай өткізу үшін тиісті көлемде жанар жағармай, минералды тыңайтқыштар әкелінген. Техника жағынан да тапшылық жоқ.

Денисов ауданының шаруалары  егін егу науқанына кірісуге толық әзір.  Бас агрономның айтуынша, топырақта ылғал жеткілікті. Ендігі міндет- тұқым себу жұмыстарын оңтайлы мерзімде бастау.  Бұл мол өнім алдуың бірден  бір кепілі.  Екі ауысымда жұмыс істейтін  7 ауыл шаруашылығы  қондырғысы  дайын. Қазір диқандар  алқаптың аздап кепкенің күтуде.
 

Бүгінде ауданның ауыл шаруашылық машина-техника паркі көктемгі дала жұмыстарына толық дайын.  Мұндағы комбайн, тракторлардың біразы жаңартылған.  Егіншілік ісін қолға алған шаруашылықтар өнімділігі  жоғары техникалардың тиімділігін жақсы біледі.  Айта кетейік, биыл  ел диқандарына 380 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен беріледі. Бұл өз кезегінде шаруаларға жақсы демеу болмақ.
 

Жалпы, биыл Денисов ауданында 13 жарым мың гектар алқапқа егін егу жоспарланған. Қуантатыны, биыл да майлы, жарма, бұршақты, жемдік дақылдар егістігінің көлемі ұлғайған.  Ауыл шаруашылығы мамандары бойынша  кадр тапшылығы болмайды.  Механизаторлар жеткілікті. Жұмыс маусымдық болғанымен,  тиісті  штат жасақталған.

 

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...
БИЫЛ 4,8  МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ
20:09, 11 мамыр 2021
БИЫЛ 4,8 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ
Толығырақ...
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
20:43, 5 мамыр 2021
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...