ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ

20:30, 29 шілде 2021

Денисов ауданында өндірістің өрісі кеңейген. Мұндағы экономикаға серпін берер инвестиялық жобалар халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыруда. Өндірістік шикізат көлемі барлық сала бойынша өскен. Индекс көлемі 100 пайыз. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Антоновка, Алчановка елді-мекендерін орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау қолға алынған. Жоба құны – 1 млрд 43 млн теңге. Бұл туралы өңірлік баспасөз орталығында өткен жиында аудан әкімі мәлімдеді. Толығырақ.

Денисов ауданы - экономикасы мен әлеуметтік жағдайы жақсы дамыған аудандардың бірі. Ағымдағы жылдың 6 айының өзінде ауылшаруашылық өнімінің көлемі 4 млрд 835 млн теңгені құрады. Аудан диқандары биыл 252 мың гектар аумаққа дән сепкен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға көп. Орақ батпайтын қалың шабын­дықтың жоқтығына қарамастан, ауданда шөптің бағасы тұрақты. Тоннасы – 30 мың теңге.

Ауданда әлеуметтік және ауыл шаруашылық салаларына тірек болар - индустриалды сектор бойынша да мәліметтер мақтанарлық. Биылдың өзінде ауданға 2 млрд 174 млн теңге инвестиция тартылған. 738-ден астам шағын және орта кәсіп субъектілері биыл жұмыссыз жүрген 346-дан астам адамды жұмыспен қамтыған.  Билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамның мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған тапсырма Денисов ауданында тиімді жүзеге асуда.

Халықты сапалы ауыз сумен қамту шаралары да бұл ауданда ойдағыдай. Ағымдағы жылы Антоновка, Алчановка елді-мекендерін орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау қолға алынған. Жоба құны – 1 млрд 43 млн теңге. Тіршілік көзін қолжетімді ету үшін мұндағылар жүйелі жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, Фрунзенское, Свердловка, Аятское елді-мекендерін жарықтандыру жұмыстары қарқын алған. Жоба құны – 58 млн теңге. Мемлекет тарапынан қолдауға бағытталған түрлі шаралар жалпы ауданның өркендеуіне үлкен ықпал етуде. Қазіргі күні ауданның ажары кіріп, дәулеті арта түскенін айтты аудан әкімі. 

 

 Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
09:33, 23 қыркүйек 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
ЕГІСТІКТІҢ 95 ПАЙЫЗЫ ОРЫЛЫП, ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
10:51, 21 қыркүйек 2021
ЕГІСТІКТІҢ 95 ПАЙЫЗЫ ОРЫЛЫП, ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫ БАЯНДАМА ШЫҚТЫ
10:44, 21 қыркүйек 2021
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫ БАЯНДАМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...