ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

Декларация тапсыру мерзімі аяқталуға жақын

10:02, 10 қыркүйек 2021

: 2020 жылдың 10 желтоқсанында Президент «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Аталмыш құжат нормаларына сәйкес, биыл жыл басынан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізілген болатын. Тұрғындар өздерінің кірісі бойынша электронды түрде есеп беруді осы айдың ортасына дейін іске асыра алады.

Табысты ашық көрсетуден үрейленудің еш қажеті жоқ. Сала мамандары жалпыға бірдей декларациялауға қатысты осындай пікір білдіруде. Олардың сөзінше, қайта мұндай шешім экономикада ашықтық тенденциясын қалыптастыруға әсер етеді дейді. Еске салар болсақ, еліміздің қаржы министрлігі 2021-ші жылдан бастап азаматтар өз табысын ашық көрсетуге міндетті екенін мәлімдеген болатын.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің көздегені - көлеңкелі экономикаға жол бермеу және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табысы мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру. Сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту екендігін айтады сала мамандары. Ағымдағы жылға дейін табысы туралы декларацияны тек лауазымды мемлекеттік қызметкерлер тапсырып келген. Олар құжатта жылжымайтын мүлік пен көлік құралдары туралы мәлімет көрсетті. Енді олар жылжымайтын мүлікпен қатар, жер учаскелерін, банк салымдарын, шетелдік банк шоттарындағы қаражатын, инвестициялық алтын мен бағалы қағаздарды, ең төменгі есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын өнер туындыларын жария етуге міндеттеліп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
09:33, 23 қыркүйек 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
ЕГІСТІКТІҢ 95 ПАЙЫЗЫ ОРЫЛЫП, ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
10:51, 21 қыркүйек 2021
ЕГІСТІКТІҢ 95 ПАЙЫЗЫ ОРЫЛЫП, ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫ БАЯНДАМА ШЫҚТЫ
10:44, 21 қыркүйек 2021
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫ БАЯНДАМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...