ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

«БЖК-2025» БОЙЫНША БИЫЛ 834 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

20:04, 26 ақпан 2021

Биыл «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдаламасын жүзеге асыру үшін 4 млрд. 926 млн. теңге бөлінді. Бұл ретте барлық жобалар пайыздық мөлшерлемемен субсидияланады. Осылайша, осы жылы облыста кемінде 834 жоба мақұлданбақ. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде, бизнес саласын қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысы туралы облыстық Кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының басшысы баяндады.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге, әсіресе, бизнесті несиелендіруге қатысты мемлекеттік қолдау шараларының кең спектрі бар. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және жаңа өндірістерді іске қосу үшін серпін беру аса маңызды. Осыған орай биыл қаңтар айында Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қолдау шараларына қатысты бірқатар тапсырма жүктеді. Әсіресе, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жандандыруды тапсырды.    

«Портфельдік» қолдауды енгізудің арқасында осы жылдың қаңтар айында 7 млрд теңге несие сомасына 70 жоба қолдау тапты. «Бизнестің жол картасы» жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында гранттық қаржыландыруды көздейді. Биыл оған 60 млн теңге бөлінді. Оның 30 млн-ы 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге бағытталады. Барлығы кемінде 12 грант беру жоспарлануда. Конкурстық рәсімдер шамамен биыл мамыр айында басталады.

Кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуді көздейтін бағдарламалардың бірі -  «Қарапайым заттар экономикасы». Жергілікті қамту үлесін арттыру, отандық тауар өндірісін қолдау мақсатында бұл бағдарлама өңірде 2019- жылдан бері іске асырылуда. Сондай-ақ, мұнда субсидиялауды ескере отырып, жылдық 6% мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге инвестициялық кредит алуға рұқсат берілген. Несиенің тек 50% - ын айналым қаражатына жұмсауға болады. Ал, егер кәсіпкер тамақ өнеркәсібінде жұмыс істесе, ол барлық несиені айналым қаражатына жіберуге құқылы.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
20:46, 16 сәуір 2021
ТҰРҒЫН ҮЙДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...