ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

БИЫЛ 4,8 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ

20:09, 11 мамыр 2021

Көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау үшін егіс алқаптарында дән себу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алқаптарды әртараптандыру - нарық қажеттілігі екенін шаруалар жақсы біледі. Сондықтан, рапс, зығыр, күнбағыс егуге басымдық берілген. Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, дән себу жұмыстарына 22 мың 600 трактор, 1100 өнімділгі жоғары техникалар тартылған.

Биыл егіс алаңының аумағы шамамен 4,8 млн гектарға тең. Оның 70% жуығы  бидайға тиесілі. Алқаптарды әртараптандыру жұмыстары биыл да жалғасады. Майлы дақылдар мен жемшөп егістігі кеңейтілді. Көкөніс пен картоп алқабы да ұлғайтылады.  Бүгінгі күні егіс алқаптарының біразы игерілді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше жауапты науқанға 22 мың 600 трактор, 1100 жоғары өнімді егін егу кешендері  тартылған. Көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізу үшін шаруаларға мемлекет тарапынан жәрдем жасалды. Субсидиядан бөлек арзандатылған бағамен 71 мың тонна жанар жағар май  бөлінді. 
 

Дәнді оңтайлы мерзімде себу- бұл мол өнім алудың кепілі. Өткен жылы  680 мың тонна бидай сыртқы нарыққа жөнелтілді. Негізгі экспорталатын мемлекеттер тізімінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Иран елдері. Айта кетейік, былтыр  аймақ диқандары ел қамбасына  5,3 млн гектар астық құйған болатын. Биыл да егіннің бітік шығатынына бек сенімді.
Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
20:12, 18 маусым 2021
ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
20:50, 17 маусым 2021
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...