ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

БАСПАНА БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

20:08, 24 ақпан 2021

Облыс орталығындағы жылжымайтын мүліктің бағасы айтарлықтай өсті. Бұл әсіресе, пәтерлердің құны бойынша байқалды. Өткен жылдары қаңтар-ақпан айларында шаршы метрдің бағасы аса көтерілмеген еді. Биыл жылдың басында үйге сұраныс жоғары болғандықтан, құны да қымбаттап отыр.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуіне зейнетақы профициті әсер етуде. Көптеген азаматтар жинақтардың бір бөлігін алып, оны тұрғын үй сатып алуға бағыттау мүмкіндігін пайдаланды. БЖЗҚ деректеріне сай, 16- ақпандағы жағдай бойынша Қостанай облысында зейнетақының рұқсат етілген бөлігін алуға 2860 өтініш түссе, оның жалпы сомасы 4 млрд 742 млн теңгеге 1716 өтініш мақұлданған. 950 өтініш қабылданбады. Пәтерлерге сұраныс пайда болды, содан кейін баға да көтерілді. Егер 2020- жылдың қаңтар-ақпан айларында Қостанайдағы жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 231 800 теңгені құраса, бүгінде облыс орталығындағы жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі 259 400 теңгеге жеткен. Қайталама тұрғын үй сатушылары да пәтер бағасын көтерді. Оны мамандар жасанды деп атайды, өйткені, жылжымайтын мүлік нарығында дүрлікпе әлі жоқ. Бұл пәтер иелерінің қол жетімді шаршы метрді тиімді бағаға сатуға деген ұмтылысы. Ең үлкен сұранысқа бір және екі бөлмелі пәтерлер ие. Болжам бойынша, жазда жылжымайтын мүлік бағасы қайта төмендейді. 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
20:46, 16 сәуір 2021
ТҰРҒЫН ҮЙДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...