ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН

20:20, 1 маусым 2020

Науырзым ауданында «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаралған қаржыға бірнеше әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жасалуда. Мұның ауыл тұрғындары арасындағы жұмыссыздықты шектеуге де игі әсері мол. Биыл мұнда 70 ауыл тұрғынын құрылыс жұмыстарына орналастыру жоспарланып отыр.

Ауылдық жердегі  жұмыссыздықты шектеуге үкіметтің мемлекеттік бағдарламалар арқылы жасап отырған қаржылай қолдауының оң әсері мол.Осының арқасында түрлі әлеуметтік нысандар қалпына келтірілуде. Сонымен қатар,  ауыл  тұрғындарының  тұрмысына тірек боларлық жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік туған.

Мұнда осыған дейін  жас мамандарға баспана тауып беру  шешімін күткен өзекті  мәселенің бірі еді.Осыған байланысты биыл  Қараменді  кентінде 18-пәтерлік  тұрғын үйді қалпына келтіру  қолға алыныпты. Бұл  ғимарат  жөндеуден өткен соң,Науырзымда еңбек жолын бастайтын жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету проблемасы  шешімін  таппақ. 

Сонымен қатар,биыл мұнда  аудандық емхананың  күндізгі   емдеу  бөлімінің ғимараты  да жөнделуде.Қазір мұнда  20 шақты ауыл тұрғыны еңбек етуде.Құрылыс жұмыстарына  80 миллион теңгедей  қаржы қаралған.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
09:33, 23 қыркүйек 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
ЕГІСТІКТІҢ 95 ПАЙЫЗЫ ОРЫЛЫП, ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
10:51, 21 қыркүйек 2021
ЕГІСТІКТІҢ 95 ПАЙЫЗЫ ОРЫЛЫП, ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫ БАЯНДАМА ШЫҚТЫ
10:44, 21 қыркүйек 2021
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫ БАЯНДАМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...