ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

20:38, 10 маусым 2021

Аудандарда мемлекеттік бағдарламалардың арқасында әлеуметтік нысандар әрленіп, елді мекендердің еңсесі тіктеліп келеді. Мысалы, Қарабалық ауданында «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында жолдар жаңартылып, нысандар жөнделуде. Ауданда атқарылған іс-шаралар жайлы толығырақ келесі бейнематериалда.

Бұл – Қарабалық ауданының көп жылдар бойын жөндеу көрмеген көшелері. Ауыл тұрғындарының құлақтары толассыз тарсыл мен гүрілге үйреніп алған. Мұнда мердігерлер күн демей, түн демей дамылсыз жұмыс істеуде. Ауылдықтар жақын арада табандары тас жолға тиіп, езілгенде етектен келетін батпақтан біржола арылатынына қуанышты екендерін айтады.

Жалпы, ауданда көшелерді қалпына келтіру шаралары 9 аумақта іске асып жатыр. Олардың басым бөлігіндегі шаруалар аяқталуға жақын. Өткен жылы бастау алған Рыбкино – Смирновка тас жолының жөндеу жұмыстары биыл аяқталмақ. Сондай-ақ, ұзындығы 23 км құрайтын  Бүрлі – Песчаное тас жолы жобасының жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту – қай мемлекеттің болмасын басты стратегиялық бағыты. Өңірде автокөлік жолдарын жөндеуге көптеп көңіл бөлінуде. Дегенмен жазда жөнделген жолдың, қыс өтіп көктем шыққанда ойдым-ойдым болып қалатыны тағы бар. Аудан әкімшілігінің айтуынша, мұндай келеңсіздік қайталанса, келісім – шартта көрсетілгендей мердігерлер сапасыз жұмыстан келген кесірді өз есептерінен жоюға міндеттеледі.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
20:12, 18 маусым 2021
ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
20:50, 17 маусым 2021
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...