ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДЫ АЖАРЛАНДЫРУДА

20:31, 13 шілде 2021

Қостанай ауданында мемлекеттік бағдарламалар сәтті орындалып келеді. Атап айтқанда, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Алтын дала ауылы сапалы ауыз сумен және газбен қамтылып отыр. Сол сияқты бірқатар көшелерді жаңартуға қазынадан қомақты қаражат бөлінді.

Қостанай қаласынан он шақырым жерде орналасқан Жамбыл ауылдық округі Қостанай ауданының алдыңғы қатарлы елді мекендерінің бірі болып табылады. Тұрғындар саны 900 мыңнан асатын Алтын дала ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл 7 көше күрделі жөндеуден өтеді. Жоба құны – 206 млн теңге. Сондай-ақ елді мекенге көгілдір отын тартылып,  осыдан 2 жыл бұрын орталық су жүйесіне қосылған.

Алтын дала елді мекенінде көшелерді қалпына келтіру де ерекше назарда. Республикалық және облыс бюджетінен қомақты қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 1 көше толық жөндеуден өтсе, 4 көше жаңартылып жатыр, ал қалғандары бойынша тиісті мерзімге дейін  мемлекеттік сатып алу шаралары өткізіліп, мердігерлер анықталуда.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға,   әлеуметтің әлеуетін әлдендіруге бағытталған бастама. Былтыр Алтын далада сол сияқты ауыл мектебі жаңа келбетке енді. Газдандыру мәселесі шешіліп, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.   

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

«NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!»
10:04, 17 қыркүйек 2021
«NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ "ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ"
10:14, 16 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ "ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ"
Толығырақ...
«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
09:58, 16 қыркүйек 2021
«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...