ШҰҒЫЛ! ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ РЕЙД ӨТКІЗДІ Толығырақ

АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: 145 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

10:05, 21 желтоқсан 2021

Өңірде «Ауыл – ел бесігі» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың арқасында әлеуметтік нысандар әрленіп, елді мекендердің еңсесі тіктеліп келеді. Мәселен, 2019-2020 жылдар аралығында 18 елді мекенде 145-тен астам жоба қолға алынды. Сондай-ақ, Әулиекөл, Меңдіқара, Қарасу, Сарыкөл және Федоров аудандарында жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 72 жоба жүзеге асты. Ауылды дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың ауқымы биыл да едәуір кеңейе түскен.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына іліккен барлық елді мекендерде ауқымды жоба­лар жүзеге асырылып жатыр. Тоғыз жолдың торабындағы Тобыл бекетінде 7 мыңға тарта халық тұ­ра­ды. Өткен жылы мұндағы жалғыз дәрі­гер­лік амбу­латорияға «Ауыл – ел бесігі» бағ­дар­ламасы шеңберінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимаратты бас­тан-аяқ толық жаңартуға 191 млн теңге бөлініп, тиімді игерілді.Бағдарлама аясында биыл да  әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба шеңберінде 2022 жылы құны 7,5 млрд теңгені құрайтын 75 жоба қолға алынбақ. Атап айтсақ, келер жылы Қарасу ауданында 2 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып, Ұзынкөл ауданына қарасты Ершов ауылында мәдениет үйі ел игілігіне берілмек.

Ауыл – ел бесігі бағдарламасы» талай елді мекеннің еңсесін көтеріп, ауыл халқының әлеуметтік ахуалына оң әсерін тигізуде. Өңірде бүгінде 517 елді мекен болса, ондағы тұратын халықтың саны 354 мыңнан асып жығылады. Бұл облыс тұрғындарының 41 пайызы. Демек, келер жылы 500-ден астам әлеуеті жоғары ауылдарды толық жаңғырту жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

СҮТ ФЕРМАСЫН ДАМЫТУҒА 131 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ
15:48, 3 тамыз 2022
СҮТ ФЕРМАСЫН ДАМЫТУҒА 131 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖОСПАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНДІ
12:40, 2 тамыз 2022
ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖОСПАРЫНА ҚАТЫСТЫ Т...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ». 6500 ЖҮРГІЗУШІ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН
14:33, 11 тамыз 2022
«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ». 6500 ЖҮРГІЗУШІ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН
Толығырақ...
АУЫЛ ХАЛҚЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
14:26, 11 тамыз 2022
АУЫЛ ХАЛҚЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...