ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 160 МЛН ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

20:36, 15 сәуір 2021

Алдағы 5 жылда аймақта 160 млн түп ағаш отырғызылады. Бұл туралы Облыс әкімдігінде өткен жиында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы мәлімдеді. Өңірлерді көгалдандыру бойынша тиісті жоспар бекітілді. Жалпы, экологиялық жағдайды жақсарту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында көтерілген болатын. Президент тапсырмасына сай еліміз бойынша 2 млрд ағаш отырғызу межеленген.

Облыстық орман шаруашылығы мекемесі ұзақ жылдан бері ағаш отырғызу, жасыл желекті  күтіп-баптаумен тұрақты түрде айналысып келеді. Оған қоса, жаңа аудандастырылған сұрыптарға  айрықша назар аударуда.  Мемлекет басшысының жолдауда бекіткен тапсырмасына сәйкес, алдағы  5 жылда 160 млн түп ағаш отырғызу көзделген. Шамамен  28 мың гектар аумақ көгалдандырылады.   Жалпы ел көлеміндегі орман алқабы 6 млн га-ға жетіп отыр. Көгалдандырудың жалпы құны - 5 млн теңге.  

 Ел көлемінде 2025 жылға дейін  жыл сайын 85 мың га аумақ қамтылмақ. Әр  1 гектарға  4300 түп ағаш отырғызу жоспарланған.  Осылайша, жылына 365,5 млн түп ағаш егілмек.  Алдағы  5 жылда    1 млрд 860 млн түп қайын , қарағай    отырығызылады.  Жауапты мекеме өкілдерінің мәліметінше оның 160 млн түбі Қостанай облысына тиесілі.

Былтырғы жылы өңір аумағын абаттандыру мақсатында 200 түптен  астам ағаш кесілген болатын. Енді биылғы жоспарға сәйкес 677 гектар аумаққа көшет егіледі. Игі шара өңір көркіне сән беріп қана қоймай, экологиялық жағдайды да айтарлықтай жақсартатын болады.

 

Гүлжан Жеңі

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...
БИЫЛ 4,8  МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ
20:09, 11 мамыр 2021
БИЫЛ 4,8 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ
Толығырақ...
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
20:43, 5 мамыр 2021
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...