
Еліміздегі жетекші саяси партия – «Нұр Отанның» жыл бойы атқарған еңбегі еселі. Сайлауалды бағдарламаның басым бөлігі орындалды. Дегенмен, негізгі бағыттар бойынша әлде де жұмысты ширату керек.
Бүгін Қостанайда облыс әкімінің қатысуымен партияның отырысы өтті. Онда, мәслихаттардың жұмысын жандандыру, Рудныйда «Нұр Отан» партиясының кадрлық резервіне үміткерлердің іріктелуі туралы баяндалды. Айта кетейік, мұндай сайлау кеншілер қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Басты мақсат – халық арасындағы мәселелерді бүге-шігесіне дейін білетін, қоғамның нағыз қолдауына ие жаңа көшбасшыларды анықтау. Іріктілген үміткерлер елмен етене жұмыс істеуге жұмылдырылмақ.