ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

«ЖАС ТҰЛПАР» ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

20:40, 30 сәуір 2018

Әулиекөл кентінде облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті. Дәстүрге айналған өнер додасы биыл 26-шы рет ұйымдастырылып отыр. Сөз бәйгесінің бұл жолғы тақырыбы Астана қаласының 20 жылдығына арналды.

Тұсауы осыдан ширек ғасыр бұрын кесілген оқушылар арасындағы айтыс,  Тобыл-Торғай өңірінде өзіндік ақындар мектебінің қалыптасуына ықпал етті. Алғаш қадамын осы сайыстан бастаған көптеген азаматтар қазір республикалық, халықаралық  додаларда топ жарып жүр.

Бүгінгі айтысқа келгендер де сол алдыңғы буынды үлгі тұтып, осы өнерді игеруге талпынған талапты өрендер.   

Бүгінгі сайысқа 8 жұп, 16 талапкер ақын қатысты. Олардың бәрі аудандық, қалалық іріктеу сындарында үздік шыққандар. Қазір облыстағы әрбір аудан мен қалаларда болашақ айтыскерлерді тәрбиелейтін жетекшілер бар. Бұл да ұзақ уақыт үзіліссіз жүргізілген еңбектің жемісі.

26-шы оқушылар айтысының қортындысы бойынша бірінші орынды Әуликөлдік оқушы иеленді. Ал бас бәйге Аманкелді ауданынан келген Жанболат Мұқышқа бұйырды. Жалпы бұл сайыста ешкім ескерусіз қалған жоқ. Қатысушылардың барлығына атаулы сыйлықтар берілді. Алайда ең басты сыйлық көрермен қошеметі.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...