
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс - шаралар облыста жалғасып жатыр. Соның бірі «Жас Толқын-2021» ІІІ Республикалық көрме - байқауы. Көрмеге жас суретшілердің 70-ке жуық туындылары қойылды.
Алина Николенко ерте жастан бастап сурет салады. Суретші ұлы ағартушы Ыбырай «Алтынсариннің портретін салу оңай болған жоқ, өйткені бұл үлкен жауапкершілік» дейді. Алина сияқты жас суретшілердің қолынан шыққан кескіндеме, графика, мүсіндеу және қолданбалы өнер жанрында 70 туынды көрермен назарына ұсынылды.
Биыл "Жас толқын" байқауына қатысуға 100-ден астам өтінім қабылданған. Оған тек Қостанай өңірінің ғана емес Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды және Павлодар облысының суретшілері өз жұмыстарын ұсынды. Көрмеге Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова келіп, жас суретшілерге жылы лебізін білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үш жүлделі орынды анықтады. Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңы әсем әуенмен концерттік бағдарламаға ұласты.