ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

ЫБЫРАЙ МҰРАСЫ «ABAI TV» ТЕЛЕАРНАСЫНДА НАСИХАТТАЛДЫ

10:27, 7 қазан 2021

Алғашқы ағартушының 180 жылдығына арналған іс-шаралар тек қана Тобыл өңірінде емес, тұтас ел бойынша ұйымдастырылуда. Өйткені, Ыбырай – ұлттың ұстазы. Оның жүріп өткен жолы мен өміршең өнегесі қазақ тарихында тасқа қашалғандай мәңгі сақталады. Алтынсарин атқарған ағартушылық қызмет алаш үшін алтыннан да қымбат. Аз зерттеліп, көп айтылатын тарихи тұлға төңірегіндегі хабарлар республикалық телеарналар арқылы да көрермен назарына көптеп ұсынылып келеді. Облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық мұражайының басшысы биылғы жыл ел тарихындағы елеулі кезең екенін айтады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған алғашқы ағартушы мерейтойы мемлекеттік тұрғыда мерекеленуде. Осыған орай отандық медиа кеңістікте Ыбырай туралы тың ақпарат таратыла бастады. Атап айтқанда, «Abai TV» арнасында қазақ даласына білімнің алтын шуағын шашқан Алтынсариннің мұрасы кеңінен насихатталды. Жаңашыл педагогтың 180 жылдығына арналған жоба-жоспарлар жергілікті музей қабырғасында ұдайы ұйымдастырылып келеді. Мерейтой аясында Ыбырай Алтынсаринге тікелей қатысы бар нысандардың да макеттері жасалған. Қостанайлық қылқалам шебері – Мұхаметқали Рахалиев Ыбырайдың балалық шағының бір көірініс болған «Омар құдығы» мен мәңгілік мекені кесенесінің кішіріейтілген нұсқасын жасап шығарған. Ыбырай әлемін қалай әспеттесе де орынды. Ұлт ұстазының әрбір қыры - өз алдына бір төбе. Сөз соңында «Abai TV» арнасында айтылған ойды ортаға салсақ, Абай адам болу туралы еңбектер жазса, Ыбырай - адам болудың үлгісін еңбегімен көрсете білген бірегей тұлға.

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...