ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ

09:18, 20 қазан 2021

Бүгін, 20 қазан алғашқы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған күні. Ұлт ұстазының 180 жылдығына арналған іс-шаралар тек қана Тобыл өңірінде емес, тұтас ел бойынша ұйымдастырылуда. Оның жүріп өткен жолы мен өміршең өнегесі қазақ тарихында мәңгі сақталады. Алтынсарин атқарған ағартушылық қызмет алаш үшін алтыннан да қымбат. Сондықтан «оны келешек ұрпаққа дәріптеу аға буынның міндеті», дейді Ыбырайтанушы Қалқаман Жақып. Биылғы жыл ел тарихындағы елеулі кезең. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің мерейтойы аясында түрлі ауқымды іс-шаралар өткізіліп келеді. № 24 мектептің ұстаздары мен оқушылары да оған өз үлестерін қосуда. Олар ағартушының мемориалдық кесенесіне барып тағзым етті, құран бағыштады. Кесенеге келген оқушылар, ағартушының өмірбаянымен танысып, жаңа деректерге қанықты. Жарыса тақпақтарды жатқа оқыды. Ыбырай әлемін қалай әспеттесе де орынды. Ұлт ұстазының әрбір қыры - өз алдына бір төбе. Абай адам болу туралы еңбектер жазса, Ыбырай - адам болудың үлгісін еңбегімен көрсете білген бірегей тұлға.

Тақырып бойынша материалдар

«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
11:14, 15 қараша 2021
«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
10:57, 12 қараша 2021
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...