ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ

10:43, 22 қазан 2021

«Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық сананы дамытуға қосқан үлесі». Осындай атаумен Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледж қабырғасында ғылыми конференция өтті. Ол алғашқы ағартушының 180 жылдығына арналды. Осы орайда, облыс көлемінде «Ыбырай жылы» жарияланып, іс-шаралар жоғары деңгейде өтуде. Тұңғыш ұлттық мектебіміздің негізін қалаушы ұлы ұстаз әрі кемеңгер ағартушы атындағы колледж қабырғасында өрбіген ғылыми конференция кең көлемде өтпегенімен, өз өзектілігімен, тарихи мәнімен ерекшеленді. Жиынға жергілікті зиялы қауым өкілдерінен бөлек, арнайы шақырылған профессорлар қатысты. Конференцияда ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, профессор Раиса Толықбаева ұлы ағартушының «мұғалім даярлау ісінде» өшпестей із қалдырғанын ерекше атап өтті. Алқалы жиында аймақтың ағарту ісінің ардагерлері, атап айтқанда, Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің басшысы мен бірқатар тұлғалар өз ұсыныстарын білдірді. Соның бірі – Тобыл топырағынан шыққан ұлы тұлғалардың есімін күллі әлемге таныту.Ыбырай қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар адамгершілікке, жігерлілікке, тапқырлыққа үндеді. Сондықтан ұлы тұлғаның еңбектері мәңгі жадымызда деді конференцияға қатысушылар. Ағартушының өнегелі өмірі өшпестей із қалдырды. Ыбырай Алтынсариннің мұралары мәңгі біздің жүрегімізде. Ғылыми конференцияда сөз сөйлегендердің ортақ пікірі осындай.

Тақырып бойынша материалдар

«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
11:14, 15 қараша 2021
«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
10:57, 12 қараша 2021
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...