ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕ ШЫҚТЫ

20:25, 17 ақпан 2021

Қостанай қаласында карантиндік шектеулер жеңілдетіліп, мәдени ошақтардың жұмысы жанданды. Осыған орай Ы.Алтынсарин мұражайында ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылығы жазылған күнтізбе көпшілікке таныстырылды. Ондағы ерекшелік QR код арқылы Ы.Алтынсарин жайлы құнды ақпаратты электронды форматта көруге болады.

Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музей ұжымы көптен күткен салтанатты шарада күнтізбенің тұсауын кесті. Мәдени кездесуге өңірдегі ғалымдар мен ұстаздар жиылды. Биыл ағартушының 180 жылдығымен қатар, есімі берілген қара шаңырақ музейдің ашылғанына 30 жыл. Осы мерейлі датаға орай көптеген іс шаралар жоспарланған. Күнтізбенің ашылуы соның бірі дейді. Ол 180 дана боп шығарылған.  

Айта кету керек күтізбе 12 айға бөлініп айтулы даталарға арналып жасалған. QR код арқылы ақынның еңбектері мен өмірі өрнектелген   бейнематериалдарды тамашалауға болады. Жазбаша ақпарат пен фото суреттерді тамашалауға мүмкіндік бар. Одан бөлек Ы.Алтынсаринге қатысты  басқа да құнды материалдар осы күнтізбеге енгізілген.

Шараға қатысушылар ұлы ағартушының елге сіңірген еңбектері жөнінде баян етті. Ыбырай Алтынсарин туралы түсірілген деректі фильмді тамашалады.

Балауса Жақсыбай

Тақырып бойынша материалдар

КІТАП КӨРМЕСІ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛАДЫ
20:14, 24 ақпан 2021
КІТАП КӨРМЕСІ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...