ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

11:14, 15 қараша 2021

Біз бұған дейінгі хабарымызда Қостанайда «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылғанын айтқанбыз. Шараның облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Оған аудан, қалалардан барлығы 20 бала қатысты.

Облыстық сайыс екі кезең бойынша өтті. Қазылар алқасы алдымен оқушыларды тыңдап, кейін фразеологиялық тіркестер бойынша сұрақтар қойды. Сыннан сүрінбей өткен Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин орта мектебінің 10 сынып оқушысы  Нұрсила Адебова бас жүлдені иемденді. Оған 600 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.  Енді ол  Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында республикалық деңгейде өтетін сайыста Тобыл өңірінің намысын қорғайтын болады.    

«Едіге батыр» жырын жатқа оқу сайысына Қостанай облысы бойынша 700 -ден астам бала бақ сынаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш байқауға балалардың  қызығушылықтары  арта түскен.

Облыстық  кезеңге өткен қатысушылардың ешқайсысы құр қол қайтқан жоқ. Оларға 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ. «СҰЛТАННЫҢ АТЫ - СҰЛТАН»
10:13, 21 желтоқсан 2021
ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ. «СҰЛТАННЫҢ АТЫ - СҰЛТАН»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
 ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
11:03, 19 қаңтар 2022
ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
Толығырақ...
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
11:01, 19 қаңтар 2022
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ...
Толығырақ...