ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНДАРЫ»: ХАЛЫҚ БИЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

20:46, 28 ақпан 2019

Мәдени мұрамызды сақтау және дамыту. Қостанайда дәстүрге айналған «Тобыл толқындары» халық билерінің байқауы өтті. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға ең талантты деген 15 топ қатысты. Олар ұлттық билерді насихаттап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Талай асуларды бағындырып, қоржындарын жүлдеге толтырып жүрген бишілер.   Көздің жауын алатын бүрмелі көйлектегі, бұрымды қыздар сахнада мың бұрала  жиналған қауымды тәнті қылды.

Байқауға қатысып жатқан топтың бәрі мықты. Әрбірінің өзінің тарихы, дамуы бар. Он екі жыл сахнада өнер көрсетіп жүрген «Эстель» тобының биші қыздары да бүгінгі кеште өз өнерлерін ортаға салады.Үш  жыл осы ұжымда өнер көрсетіп жүрген Камила, би- бұл менің өмірімнің бір бөлшегі, басқа саланы болашақ мамандығым деп таңдасам да, би әрдайым сүйікті хоббиым болып қала береді, дейді.

Мың бұрала билеген қыздардың бәрі әсем де, сұлу, бірақ қай ұжымның ең үздік екенін әділқазылар алқасы таңдайтын болады. Қандай би тобы үздік шықса да,олар барлығы да талантты, әрі жеңіске лайықты.

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...