ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: «МҰРАГЕР» АНСАМБЛІ ЕСЕП КОНЦЕРТІН БЕРДІ

20:39, 13 сәуір 2021

Алтынсарин ауданындағы «Мұрагер» ансамблінің құрылғанына биыл он жыл! Ұжымның негізін қалаған мемлекеттік бағдарламамен келген мамандар болатын. Олар өңірде ұлттық өнерді дамытып, мәдениетіне тың серпін әкелді. Шығармашылық топ мерейтойлық датаны атап өтіп, халық алдында есеп-концертін берді. Бұл - өнерпаздардың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған тартуы!

Жоғары білімді музыканттар - Біржан Жүзбай мен Айбек Сыздықов осыдан он жыл бұрын Алтынсарин ауданына «дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы келді. Олар бірден өнерлі жастарды топтастырып, ансамбль жасақтады.

Ансамбль аз уақытта көп жетістіктерге жетті. Облыстан озып, республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленді. Кәсіби мамандармен шығармашылық байланыс орнатып, тәжірибесін шыңдап, «халық ансамблі» дәрежесіне жетті.

Бұған дейін ауданда мұндай шығармашылық ұжым болмаған еді. Ұлттық нақыштағы ансамбльдің құрылуы – Тәуелсіздіктің жемісі. Әсем ән, тәтті күймен әлдилеген өнерпаздарға тұрғындар дән риза.

Бүгінде ансамбль репертуарында 50-ге тарта туынды бар. Ұжым жанынан «Тұран-Торғай» тобы және трио құрылған. «Мұрагерден» қанатын қатайтқан дарынды жастар, бүгінде халықаралық деңгейдегі бәсекелерде өнер көрсетіп жүр.

Тақырып бойынша материалдар

«ЖАС ТАЛАНТ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИА ЖОБАСЫ
20:19, 6 мамыр 2021
«ЖАС ТАЛАНТ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИА ЖОБАСЫ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:18, 6 мамыр 2021
«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...