ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

САНДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ТИІМДІЛІГІ ЗОР

20:25, 11 ақпан 2021

Бейімбет Майлин ауданында сандық жүйеге көшу жұмыстары жалғасуда. 80 жылдық тарихы бар аудандық кітапхана ұжымы да бұл істе белсенді. Осылайша, оқырманмен қашықтан байланыс орнатуда. Газеттер мен кітаптар жинағы электронды форматта басылып, қалың жұртшылықққа ұсынылуда.

Сандық жүйеге ауысу үшін әлбетте заманауи құрылғы керек.  Кең форматтағы сканер цифрландырудың таптырмас құралы. Жаңа қондырғы арқылы 70 жылдан бері сақталып келе жатқан газет қоры сандық жүйеге енгізіліпті.  Қазірдің өзінде 260 данасы сканерленіп  үлгерген.

Кітапхана қорында қазақ тіліндегі құжаттар қоры 2017 жылдан бері толыға бастаған. Жалпы, жазбалардың  басым бөлігі - Бейімбет Майлин жайында жазылған  тарихи деректер.

Кітапхана ұжымы  ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мекеме қабырғасында арнайы көрме ұйымдастырған. Алдағы жоспар - Б.Майлинге қатысты тарихи құжаттардын тізімін электронды форматта жинақтау.

 

Балауса Жақсыбай

Тақырып бойынша материалдар

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
20:11, 26 ақпан 2021
ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
18:20, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...