ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

САЛТ-ДӘСТҮР – ӨШПЕС МҰРА

20:30, 28 маусым 2021

«Әдет-ғұрпым, салт дәстүрім – ұмытылмас тағдырым». Қостанай ауданында осындай атаумен арнайы бағдарлама өтті. Іс-шара ертеде қолданылған салт-дәстүрлерді жаңғыртып, ұлттық киім-кешек, қолөнер, ас тағамдарын насихаттауға бағытталған.

Ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында іске асып отыр. Қостанай ауданының кітапханалар жүйесі бұл күні аудан тұрғындарына ұмыт бола бастаған түрлі салт пен дәстүрді дәріптеп қана қоймай, оны іс жүзінде паш етті. Кітапхана қызметкерлері көрермендермен жүн түтіп, ұршық иіру, киіз басу тәрізді әдістермен бөлісті.

«Әдет-ғұрпым, салт дәстүрім – ұмытылмас тағдырым» бағдарламасының басты мақсаты – қалыс қалып, ұмыт бола бастаған ғұрпымызды ұрпағымызға үйретіп, ұлттық тәрбиемен сусындату. Техниканың озық заманында ұлттық әдет-ғұрыпты қалыс қалдырмай, күнделікті өмірде ескеріп жүру.

Сонымен қатар, келушілер назарына қазақ халқының ұмыт бола бастаған «бүрме қарын» тағамы және ұлттық киімдері мен қолөнер бұйымдары ұсынылды. Ұлттық әдет-ғұрыпты жаңғыртуға арналған іс-шараға Қостанай ауданының 5 кітапханасы белсенді ат салысты.

 

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
09:54, 14 қыркүйек 2021
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...