ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САТИРА ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ

20:59, 28 сәуір 2021

Тобыл төрінде уытты сатирик, белгілі этнограф-ғалым, өзіміздің жерлесіміз Сейіт Кенжеахмет атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-ысқақ театрларының фестивалі өтті. Осы шараның алдында облыстық өңірлік коммуниациялар қызметінде арнайы баспасөз мәжілісі ұйымдастырылды. Фестивльге белгілі сатирик Көпен Әмірбек пен Сейіт Кенжеахметтің қызы Зәмзәгүл Кенжеахметова арнайы келген еді.

Бұл әзіл-ысқақ мерекесі облыста осымен екінші рет өткізіліп отыр. Тұсауы 2019- жылы Арқалық қаласында кесілген болатын. Ол кезде сынға түскен ұжымдардың дені өзіміздің өңірден еді. Биыл фестиваль ауқымы кеңейіп, қатысушылардың саны артқан. Атап айтсақ, осы жолы өнер додасына Алматы, Жамбыл, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарынан барлығы 10 театр қатысып отыр.

Фестиваль екі күнге ұласты. Қатысушыларға бірінші күні берілген тапсырма – Сейіт ағамыздың сатирасын сахналау, сын садағынан серпілген сықақтарын нақышына келтіре орындау. Екінші күні әрбір театр өз шеберлігін еркін тақырыпта байқатты. Тұтас елге танымал тобылдық тұлғаның туған жерінде осындай өнер додасының кезекті мәрте  ұйымдастырылып жатқанына қаламгердің қызы ризашылығын білдірді.

Біз бұл фестиваль арқылы Сейіт ағайдың сатиралық мұрасының насихатталуына жауаптымыз. Сондай-ақ, театрларының қызметін қолдауға, олардың басын қосып, өзара тәжірибе алмасуына, өнерпаздардың шеберлігін шыңдауға түрткі болатынымызға сенім зор деген ой айтты фестивальдің құрметті қонағы Көпен Әмірбек.

Байқауда барлық ұжым барын салып бақты. Елге белгілі «Бәке, Сәке», «Екі езу» театрларының тәжірибесі айрықша аңғарылғандай. Арқалық жасөспірімдер театры мен маңғыстаулық «Бостан» ұжымы әртістерінің де өнері осал деуге келмейді. Жамбыл және  БҚО-нан келген театрлар да сатира саңлағы - Сейіттің жерлестерін тәнті етуге тырысты.

Додада дарынды әзілкештер автор шығармасының желісінен айнымай, бүгінгінің басты мәселелерін ұтымды жымдастырып, кейбір тұстарда ұтқырлық пен сатира театры әртістеріне тән тапқырлық таныта білді.

Тақырып бойынша материалдар

«ЖАС ТАЛАНТ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИА ЖОБАСЫ
20:19, 6 мамыр 2021
«ЖАС ТАЛАНТ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИА ЖОБАСЫ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:18, 6 мамыр 2021
«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...