ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

20:20, 9 ақпан 2021

Орыс драма театры 100-ші маусымын ашуға дайындық үстінде. Жаңашылдыққа жаны құмар өнер ордасы бүгінде қызықты, сапалы сахналық туындыларымен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Өнер ордасының репертуары бай. Театр ұжымының әрбір қойылымын тағатсыздан күтетін көрермені де көп. Тетардың қазіргі жұмысы және алдағы жоспары жайлы келесі бейнематериалда.

Облыстық драма театрының іргесі қаланғанына биыл 100 жыл. Осы уақыт аралығында қара шаңырақтан талай талант түледі. Талай туындылардың тұсауы кесілді. Әлемнің жауһарлары саналатын спектаклдер де  тап осы театрдың сахнасында орындалды. Көркемдік деңгейі де жаңа сатыға көтерілді. Әйткенмен, былтырғы пандемия салдарынан көрермен назарына ұсынылған сахналық туындылар саны  едәуір  азайды. Өнер ұжымы   жұмыстың онлайн тәсіліне  көшті.  

Юрий Ивлев тетардың қазіргі жұмысы және алдағы жоспары жайлы кеңінен баяндады. Көрермендерге арналған тың қойылымдар сахналатынын жеткізді. Тетатрдың тыныс – тіршілігі туралы туындыда жарыққа шықпақ. Сол сияқты мәдениет ордасы жанынан мұражай ашылмақ. Қазір осы бағытта дайындық тыңғылықты жүріп жатыр.

2 қабаттан тұратын ғимарат 300 көрерменге арналған. Театрдың залы, сахнасы, интерьері заманауи стильде жасалған. Өнер ордасы жастарды тәрбиелеу, оларға дұрыс құндылықтарды сіңіру, қоғамды эстетикалық тұрғыда дамыту дағынан үлкен маңызға ие. Алдағы уақытта Қостанай көрермендері әлі талай туындыларды тамашалайтына уәде етеді. Ең бастысы олар халықтың жүрегінен шығып, бей-жай қалдырмайтынын айтады өнер иелері.   

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
20:11, 26 ақпан 2021
ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
18:20, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...