ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

«ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!» БАЙҚАУЫ ЖАЛҒАСУДА

11:46, 5 қараша 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 34-ші «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы фестивалі Денисов ауданы мен Лисаковск қаласында жалғасты. Екі аудан өнерпаздары өздерінің мәдениет саласында атқарған жұмыстарының жылдық қорытындысын шығарды.

Денисов ауданы ән құшағында. Оркестрден төгілген сазды әуен бойды баурап алады. Жергілікті өнерпаздар әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалауға келгендердің қарасы қалың. Елдегі карантиндік шектеулерге байланысты ән мен күйді сағынған көрермендер бір сергіп қалды. Өнерпаздардың жылдық есеп беру байқауын қазылар алқасы да жоғары бағалады. Ән мен күйден бөлек қонақтарға қолөнер бұйымдары мен кітап көрмесі де ұсынылды. Байқау тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналғандықтан бұндағы кітаптарда осы тақырыпқа сай жинақталған.  Көрмені аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері арнайы дайындаған.

Қазылар алқасының айтуынша, сахнада өнер көрсеткендердің ішінен ең дарынды дегенді таңдап алу мүмкін емес. Өйткені, орындаушылардың барлығы жоғары марапатқа лайық. Бұл - өнерпаздардың тыңғылықты жүргізген дайындық жұмыстарының нәтижесі.

Лисаковк қаласының өнер майталмандары да байқауға тыңғылықты дайындалған екен.   Өнерпаздар қазылар алқасын шашу шашып, күмбірлеген домбырамен халық әндерін шырқап қарсы алды. Қаладағы қос мәдениет үйі бірігіп көрсеткен түрлі жанрдағы өнер туындылары көрермендер мен қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. 

Мерекелік концерт барысында патша көңіл көрерменнің назарына театрландырылған қойылым да ұсынылды. Көркемөнерпаздардың өнерін тамашалауға келген жергүілікті жұрт  ыстық ықыластарын білдіріп,  ұзақ қол соқты.
Қазылар алқасына жергілікті өнерпаздар ұсынған концерттік бағдарлама ұнаса керек, мәдениет үйінің мамандары төрешілер тарапынан жоғары баға алды. Енді іріктеуден өткен ұжымдар облыстық деңгейде ұйымдастырылатын қорытынды концертте өнер көрсететін болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ. «СҰЛТАННЫҢ АТЫ - СҰЛТАН»
10:13, 21 желтоқсан 2021
ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ. «СҰЛТАННЫҢ АТЫ - СҰЛТАН»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
10:58, 19 қаңтар 2022
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...