ШҰҒЫЛ! ЖОСПАР ОРЫНДАЛМАҒАН КЕЙБІР ӨҢІРДЕ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕН Толығырақ

"ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!"

10:05, 9 қараша 2021

Ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған іс-шаралар облыста жиі көрініс тауып жатыр. Соның бірі «Өнерім саған, Қазақстан» атты өнер фестивалі. Көркемөнерпаздардың халық шығармашылық байқауы Алтынсарин ауданына да жетті. Жергілікті өнер иелері еркіндік пен елдіктің нышанын халық шығармашылығы арқылы насихаттады.

Жаңа таланттарға жол ашып, жылдық жұмыстың қорытындысы шығарылған шара өлкедегі өнер сүйер қауымға қуаныш сыйлады. Көрерменнің көңілінен шығуға шығармашылық ұжым барынша тырысып бақты. Және олардың бұл мақсаттары орындалғандай. Көрермендер әр  шығармадан кейін қол соғып қошеметтерін білдіріп жатты.
Мерекелік концерт барысында патша көңіл көрерменнің назарына театрландырылған қойылым да ұсынылды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы көрініс көптін жүрегіне жол таба білді. Қазылар алқасы да  мәдениет үйі  қызметкерлерінің өнерін жоғары бағалады.
Қазылар алқасының айтуынша, сахнада өнер көрсеткендердің ішінен ең дарынды дегенді таңдап алу мүмкін емес. Өйткені, орындаушылардың барлығы жоғары марапатқа    лайық. Бұл - өнерпаздардың тыңғылықты жүргізген дайындық жұмыстарының нәтижесі.

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ
12:34, 20 мамыр 2022
МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ 47 ЖИНАҚ ШЫҒАРЫЛАДЫ
11:12, 4 тамыз 2022
САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ 47 ЖИНАҚ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Толығырақ...