ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

"ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!"

11:10, 25 қазан 2021

«Өнеріміз саған, Қазақстан». Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы фестивалі Қостанайда жалғасты. Қалалық «Мирас» мәдениет үйінде өткен байқауға әрбір аудандар мен қалалардағы таланттар қатысты. Жаңа есімдер анықталған бұл думанды шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Өнер майталмандарынан жасақталған қазылар алқасы мен көрермендерді ұйымдастырушылар әуелі әнмен, содан соң дәммен қарсы алды. Қонақтарға арнайы тігілген киіз үйде көрме ұйымдастырылды. Онда ата - бабаларымыз пайдаланған құнды жәдігерлер болды. Соның ішінде ұлттық аспабымыз домбыра да бар. Олар Қабдол-Мәжит Имановтың қолынан шыққан. 45 жыл бойы домбыра жасап келе жатқан шеберді ұлттық аспапқа қызығатын жастардың көбейгені қуантады. Дәстүрлі тағамдардан дәм татып, көрмені аралап болғаннан кейін жиналған қауым сахна төріндегі көріністерге көңіл аударды. Көрермендер сахнада сан түрлі бағыттағы өнерді тамашалады. Мұнда мың бұралған би де, күмбірлеген күй де, әуезді әсем ән де әрбір адамның жүрегіне жол таба білді. Айта кету керек, көбіне ұлттық нақыштағы шығармалар орындалды. Қостанай қаласы өнерпаздарының есеп беру байқауын қазылар алқасы да, көрермендер де жоғары бағалады. Фестивальға қатысқан бар­лық өнерпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
11:14, 15 қараша 2021
«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
10:57, 12 қараша 2021
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...