ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ МОБИЛЬДІ КИНОФЕСТИВАЛЬ

09:19, 21 қазан 2021

Облыс көлемінде алғаш рет «Mobile Blockbuster film festival» қысқаметражды фильмдердің фестивалі басталды. Бұл байқауға қатысатын фильмдер тек планшет немесе ұялы телефон камерасына түсірілуі керек. Жоба бастамашыларының айтуынша, мобильді киноның кино­ин­дустрияға жаңа формат ретінде енгеніне он жылдан астам уақыт болған. Бірақ біз ғана емес, жалпы ТМД елдеріне өнердің бұл түріне қызығушылық енді артып отырған көрінеді. Тың бастаманы мәдениет басқармасы қолдап отыр. Заманауи гаджеттердің қосымша жабдықтарсыз және шығынсыз жоғары сапалы фото немесе видео жасайтын мүмкіндігі зор. Тың технология­лар дарынды режиссерлер мен операторларға өз идеяларын жүзеге асыруға, эксперимент жүргізуге, сол арқылы сандық технологиялармен бір бағытта қозғалуға мүмкіндік береді. Мобильді кинофесативальдің мақсаты – қысқаметражды фильмдер арқылы қоғам көріністерін таспалай отырып, көрермен көкейіне ой салу. Бұл тың туындылар жаманнан жиреніп, жақсыны үйреніп өмір сүруге шақырады, - дейді ұйымдастырушылар.

Тақырып бойынша материалдар

«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
11:14, 15 қараша 2021
«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
10:57, 12 қараша 2021
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...