ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

«MEN QAZAQPYN». ҮЗДІК ҮШ ҮМІТКЕР АНЫҚТАЛДЫ

20:30, 13 маусым 2018

Қостанайда «Мен қазақпын» халықаралық телевизиялық мега жобасының облыстық кезеңі қорытындыланды. Байқауда дәстүрлі ән, күй және терме, яғни үш номинация бойынша 27 өнерпаз бақ сынады. Белгілі өнер майталмандарынан құралған әділ-қазылардың таңдауы орындау шеберлігімен ерекшеленген өнерпаз иелеріне түсті.

Затобол ауылындағы «Алтын дән» мәдениет үйі. Қазақтың ән мен күйі, жауһар термесі жүректі баурап алуда. «Мен қазақпын» халықаралық телевизиялық мега жобасының облыстық кезеңі қорытындылануда. Оған қала мен аудандардан келген 27 өнерпаз қатысты.   

Байқау талабына сай, әр жанр бойынша ең үздік өнерпаздар іріктеліп, республикалық байқауға үш жолдама табысталуы тиіс. Қазылар алқасының шешімімен  Арқалық қаласынан келген Ерлан Шәкіров - ең үздік күй орындаушы, Қостанай қаласы атынан сынға түскен Нұрсұлтан Қасым - ең үздік термеші және тағы бір қостанайлық Талғат Молдағалиев - ең үздік дәстүрлі ән орындаушы атанып, біздің өңір атынан республикалық байқауда өнер көрсетеді. Басқа қатысушыларға «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен мәдениет басқармасы атынан алғыс хаттар табысталды.

«Men Qazaqpyn» - өңірлерде ұлттық өнерді насихаттап жүрген таланттарды үлкен сахнаға шығару, олардың шығармашылығына серпін беру арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына үн қосу мақсатында ұйымдастырылған жоба. Оны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі және «Qazaqstan» ұлттық арнасы бірлесе қолға алып отыр. Жобаға қатысатын талант иелерін іріктеу тек облыстарда ғана емес, сондай-ақ, Ресей, Моңғолия мен Қытайдың қазақтар шоғырланған аймақтарында да жүріп жатыр.

Данияр Сұлтанұлы

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...