ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

20:45, 16 мамыр 2018

Қостанай облысында «Мен қазақпын» мегажобасының іріктеу кезеңі жалғасып жатыр. Бүгін Қостанай ауданындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде 7 ауданның өнерпаздары сайысқа түсті. Өнер бәйгесіне тыңғылықты дайындықпен келген жүйріктердің қаншасы келесі кезеңге жолдама алды? Бұл туралы тілшіміз әңгімелейді.

Өнерпаздар дайындықтарын сахнаға шығар алдында тағы бір пысықтау үстінде. Аздап қобалжу да бар. Әйтсе де әрқайсы топтан дара шығуға үмітті.

Бүгінгі сайысқа 7 ауданнан 13 өнерпаз келген. Олардың төртеуі күй тартып, 4 дәстүрлі ән, бесеуі терме айтады. Қазылар алқасы әр қатысушыға екі шығармадан орындауға мүмкіндік берді.

Сайыс аяқталған соң қазылар алқасы қатысушыларды жинап сын-ескертпелерін айтты. Алайда осыған дейінгі іріктеу сындарымен салыстырғанда, бүгінгі сайысқа жоғары баға берді.

Сонымен қазылар сегіз өнерпаздың өнерін жоғары бағалап, келесі кезеңге жолдама берді . Енді олар облыстық байқауда бақ сынайтын болады.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...