ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

20:54, 16 сәуір 2021

Биыл елімізді жайлаған Коронавирус індеті барлық салалармен қатар мәдениет мекемелеріне де оңай тиген жоқ. Пандемия кезінде олар шығармашылық белсенділігін жаңа қырынан – онлайн тұрғыда көрсете алды. Мұның өзі қандай шектеу де рухани сала қызметкерлеріне кедергі бола алмағанының айғағы. Кітапханаларда, концерттік залдарда, шағын орындарда қашықтан жиындар, конференциялар, концерттер өткізіп, елдің ықыласына бөленді.

Облыс орталығының іргесінде орналасқан Меңдіқара ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениет саласын дамыту қолға алынды. Аудандық мәдениет үй халыққа жемісті қызмет көрсетуде. Аудан тұрғындарына арналған түрлі үйірмелерді топтастырған мәдениет ошағының есігі келем деушілерге әрқашан айқара ашық.

Мәдениет үйінің қызметкерлері биылғы жылы атап өтілетін бірқатар мерейтойлық даталарға да тың дайындықпен келіп отыр. Жоспарланған іс-шаралары да баршылық. Ең бастысы, аймақтағы карантиндік шектеулердің жойылуы, дейді мәдениет саласының өкілдері.

Қостанай облысында жыл өткен сайын мәдениет саласы қарыштап дамып келеді. Жер-жердегі мәдениет ошақтары қалпына келтіріліп, өнерпаз жастардың бас қосатын сүйікті орындарына айналуда. Мұның өзі аудандардың дамуының бір көрсеткіші деп білеміз.

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

«ЖАС ТАЛАНТ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИА ЖОБАСЫ
20:19, 6 мамыр 2021
«ЖАС ТАЛАНТ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИА ЖОБАСЫ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:18, 6 мамыр 2021
«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...