ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

20:26, 9 маусым 2021

Экономикалық өсіммен қатар елдің рухани құндылықтарын да дамыту мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Өңірде заманауи жабдықталған мәдениет ошақтары мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңартылып жатыр. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте мәдениет нысандарын дұрыс пайдалану мен осы саладағы басқа да өзекті мәселелер қаралды. Толығырақ.

Өңірдегі мәдениет саласының инфрақұрылымын 573 мәдени нысан мен архивтер құрайды. Оның 342-сі кітапхана, 9-ы – музей, 4-і – театр, 1-і филармония және қалғаны мемлекеттік мұрағаттар мен мәдени демалыс орталықтары. Ағымдағы жылы 348  миллион теңгеден астам қаржыға облыстық тарихи-өлкетану музейіне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілмек. Жиын барысында мәдениет басқармасының басшысы облыста 10-нан астам  мәдениет нысандарын күрделі жөндеу керектігін айтты. Жөндеу жұмыстарына қажет қаражат көлемі – 373 млн 900 теңге.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Октябрское ауылдық кітапханасы» мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 122 млн теңге. Сондай-ақ, бағдаралма негізінде Қарбалық ауданының мәдениет үйі жөнделуде.  Ал, 2022 жылы Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылында жаңа мәдениет үйі салынбақ. Құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржы – 180 млн теңге.

Сондай-ақ, жиын барысында мәдениет үйлерінінің жылыту жүйесі де айтылды. Облыстың 6 мәдениет үйіне жылыту қазандықтарын салу керек. Қазіргі таңда 33 млн теңгені құрайтың жобалық сметалық құжаттар әзірленуде.

Қоғамның  дамуы үшiн қажеттi алғышарт – ол мәдениеттiң өркендеуi. Мемлекеттiң iргесi берiк болып, қоғам тұрақты дамуы стратегиялық бағдарламаларды тиімді пайдалануымыз керек.  Мәдениет саласын дамытуда озық ойы мен тәжiрибені қолдану – басты назарда болу керек. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов осылай деді.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫЛБЕК ШАЯХМЕТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
20:18, 18 маусым 2021
АҚЫЛБЕК ШАЯХМЕТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
КОМПОЗИТОРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
20:49, 11 маусым 2021
КОМПОЗИТОРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...