ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

«ҚОЛӨНЕР СИҚЫРЫ» КӨРМЕ - БАЙҚАУЫ

11:12, 25 қазан 2021

«Қолөнер сиқыры». Осындай атаумен облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен көрме – байқау аяқталды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған шараға өңірдің 20-дан астам шеберлері қатысты. Олар түрлі туындыларын ұсынып, жеңімпаздар арнайы сертификаттармен марапатталды. Гүлдер, көркем портреттер, періште бейнелері. Қостанай тарихи өлкетану мұражайының көрме залында осындай картиналар көздің жауын алады. Ерекшелігі, олар бояудың көмегімен емес, жіптер мен моншақтардан жасалған. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан кесте тігушілердің көрме - байқауына биыл 23 қатысушы өз жұмыстарын ұсынған. Әр жұмыстан автордың шеберлігі мен жасаған еңбегі көрініп-ақ тұр. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін ұйымдастырушылар әлеуметтік желіде дауыс беру әдісін хош көрген. Оған 300-ге жуық адам қатысып, нәтижесінде «Махаббат құпиясы» атты картина иесі, Вера Браун жеңімпаз деп танылды. Мұражай қызметкерлері көрме басталған уақыттан келушілер саны көп болғанын айтады. Қазіргі уақытта кесте - өнердің көне түрінің бірі. Осындай іс-шаралар арқасында қайтадан жаңғырып келеді.

Тақырып бойынша материалдар

«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
11:14, 15 қараша 2021
«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
10:57, 12 қараша 2021
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЭПОСТЫ ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...