ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

КӨКШЕТАУ КӨРЕРМЕНІН ТӘНТІ ЕТКЕН КӨРМЕ

10:46, 8 қазан 2021

Көкшетауда Қостанай облысының мәдени күндері өтті. Іс-шара шеңберінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициялық ғимаратында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Көкшетау - Қазақстанның мәдени астанасы 2021» атты музейаралық инновациялық жоба аясында «Құт қонған Қостанай» көрмесін ұсынды.«Құт қонған Қостанай» көрмесі экспозициясына келушілер Тобыл өңірінің мәдени және тарихи мұраларымен таныса алады. Мұнда тас, қола дәуірі мен ерте темір дәуіріндегі бірегей археологиялық олжалар, қазақ батырларының сауыттары мен қарулары, аңшылық құрал-саймандар, зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен пайдалы қазбалардың сирек кездесетін үлгілері қойылған. Айта кетейік, «Рухани қазына» республикалық фестивалінің ұйымдастырушылар комитетінің шешімімен биылғы жылы «Қазақстанның мәдени астанасы» мәртебесін алған Көкшетау қаласында Қостанай облысының мәдени күндері жетінші қазаннан бастау алды.Мұндай мәдени шаралардың көптеп ұйымдастырылуын қалайды қос тарап. Оған белгілі себеп бар. Біз өңіраралық байланыс арқылы әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, бір-біріміздің мәдениетімізді насихаттап, ұлттық өнердің дамуына үлес қосамыз, - дейді шығармашылық салада еңбек етіп жүрген екі облыс өкілдері.

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...