ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

КІТАП КӨРМЕСІ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛАДЫ

20:14, 24 ақпан 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 жыл – 30 кітап» көрмесі Бейімбет Майлин аудандық кітапханасында да ұйымдастырылды. Кітапхана сөресінде келушілерге арналып, еліміз тәуелсіздік алғалы Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен әдебиетінен сыр шертетін тың туындылар ұсынылған. Сол сияқты, оқырмандар кітаптарды кітапхананың сайты мен әлеуметтік желілерінде электронды нұсқа бойынша да оқи алады.

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, оның мақсаты, аудан тұрғындары арасында кітап оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.

Әлемді жайлаған індет барлық салалармен қатар кітапханашыларға да оңай тиген жоқ. Пандемия кезінде олар шығармашылық белсенділігін жаңа қырынан – онлайн тұрғыда көрсете алды. Мұның өзі қандай шектеу де рухани сала қызметкерлеріне кедергі бола алмағанының айғағы. Мәселен Бейімбет Майлин аудандық кітапханасында пандемия кезінде жұмыстар тоқтап қалмай, конференциялар, кітап көрмелері сынды танымдық шаралар кітапхананың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында онлайн жүргізілді.

Айта кетейік, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы күнге дейін қазақстандық авторлардың бірталай шығармалары оқылған. Акцияға өңірдің барлық кітапханалары атсалысуда. Таңдалған отыз кітап бір жыл бойы кітапхана сөрелерінен түспей, оқырман назарына ұсынылады.

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: «МҰРАГЕР» АНСАМБЛІ ЕСЕП КОНЦЕРТІН БЕРДІ
20:39, 13 сәуір 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: «МҰРАГЕР» АНСАМБЛІ ЕСЕП КОНЦЕРТІН БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...