ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

20:18, 6 мамыр 2021

Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жазушы-драматург Қалихан Ысқақ пен Шахимарден Құсайыновтың «Қазақтар» атты драмасы сахналанды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов.

Тарихтан белгілі, он бесінші ғасырдың екінші жартысында «Алтын Орда» төрт мемлекетке бөлінді. Соның бір бөлігі Әбілхайыр ханның билігінде қалып, Алтын Ордаға соңғы хан болып сайланған Өзбектің құрметіне өзбек-қазақтар деп аталған болатын. 1450- жылы Әбілхайырдан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек бастаған өзбек-қазақтар 1457- жылы азат Қазақ хандығын құрды. Өткен өмірді өнермен өрнектеуге тырыстық, -  дейді спектакльдің қоюшы режиссері.

Шу бойына табан тіреген дербес қазақ мемлекеті ендігі жерде хандықты қалайша сақтап қалмақ? Қорған болар нуы, арқа сүйер бекінісі жоқ қу далада ел боп, емін-еркін күн кешу қауіпті екені белгілі. Осы кезде Керейдің кемеңгерлігі мен Жәнібектің жүйелі жоспарын көруге болады, - дейді басты рөлдердің бірін сомдаған Қонысбек Бегайдар.

Тәуелсіздік қашанда қазақ үшін қасиетті әрі қадірлі. Қарыстай жер үшін қанын, сүйемдей жер үшін сүйегін берген ата-бабаларымыздың алдында біз мәңгі қарыздармыз. Олардың ерлігін насихаттап, рухына тағзым ету - перзенттік парызымыз. Біз оны өнердің құдіреті арқылы жеткізіп жатырмыз, -  дейді қойылымның құндылығын түсінген әртістер қауымы.

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫЛБЕК ШАЯХМЕТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
20:18, 18 маусым 2021
АҚЫЛБЕК ШАЯХМЕТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
КОМПОЗИТОРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
20:49, 11 маусым 2021
КОМПОЗИТОРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...