ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

«ҚАЛА ІШІНДЕГІ ҚАЛА» КӨРМЕСІ

20:50, 27 сәуір 2021

Облыстық көркемсурет галереясында өнер сүйер қауым үшін Леонид Русин атындағы бейнелеу өнері мектебінің оқушылары мен оқытушыларының «Қала ішіндегі қала» атты көрмесі өтті. Суреттерден басқа, көрмеде 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар күнделікті өмірде қала көлемінде байқауға болатын сан түрлі инсталляцияларды ұсынды.

130-дан астам жұмыс. Олардың әрқайсысы өз алдына жеке туынды. Бір-біріне еш   ұқсамайды. Көрмеге қойылған еңбектер әуесқой суретшілер орындағанына қарамастан, олардың мазмұны мен орындалу шеберлігі өте жоғары. Картиналардың кейбіреуіне, тіпті таңданып бітпейсің. Олардан оқушылардың шығармашылық қиялының қиянда екендігін байқасың.

Көрменің басты тақырыбы оқушылардың - сүйікті қаласы Қостанай көріністері. Туындыларда көпшілікке таныс жерлер, аулалар, саябақтар мен жағалау және қаланың басқа да аумақтары бейнеленген.

Бейнелеу өнеріне бейім балғындардың еңбегі қала тұрғындары мен қонақтарын қуантары сөзсіз.  Көрме бір ай көлемінде жұмыс істейді. Келемін, көремін деушілерге есік ашық, - дейді ұйымдастырушылар.

Тақырып бойынша материалдар

«ЖАС ТАЛАНТ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИА ЖОБАСЫ
20:19, 6 мамыр 2021
«ЖАС ТАЛАНТ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИА ЖОБАСЫ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:18, 6 мамыр 2021
«ҚАЗАҚТАР» ТАРИХИ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...