ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ

20:47, 16 сәуір 2019

«Өнеріміз саған, Қазақстан». Бұл күндері облыстың барлық аудандарында өтіп жатқан халық шығармашылығының фестивалі Қостанайда жалғасын тапты. Түрлі өнер ұжымдары шаһарды ән құшағына бөледі. Үздіктер облыстық фестивальге жолдама алды.

Аталмыш өнер сайысы облысымызда отыз үшінші мәрте өтуде.Биыл «Жастар жылына» арналып, шығармашылық ұжымдардың басын қосқан шараға қаламыздың үздік деген өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.Фестивалдің негізгі мақсаты жергілікті өнер ұжымдарынның шығармашылығын дамыту болып табылады. Осы мақсатта жүргізілген жүйелі жұмыстар өз жемісін беруде.

Аталмыш фестивалге биыл құрылғанына 23 жыл толған “Ақ дариға” ардагерлер хоры да қатысты. Осы жылдар ішінде зейнет жастағы әншілер 150 ден астам халық әндерін өндеп, ұмыт болған қазақ әуендерін қайта жаңғыртты.  Ең бастысы,  60-тан асқан апа-ағалардың жанды дауыспен бұлбұлша сайрауы, көрермендерді керемет әсерге бөлейді– дейді хор жетекшісі.

Қатысушылардың бұл фестивалге жоғары дайындықпен келгендері көрініп тұрды. Оған дәлел, жиналған көрермендердің ыстық ықыласы. Үздіктер іріктеліп, құрмет  грамоталарына ие болды. Сондай-ақ, олар облыстық дәрежеде өтетін байқауға жолдама алды.

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...