ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20:40, 9 сәуір 2019

«Өнеріміз саған, Қазақстан!» Осындай атаумен Қостанай ауданында халық шығармашылығының фестивалі өтті. Осымен отыз үшінші мәрте іске асып отырған дәстүрлі дода биыл «Жастар жылына» арналды. Қостанай ауданының өнерпаздары қандай өнер көрсетті? Мәдениет саласының өкілдерінің мерекелік шарасын тілші тамашалады.

Қостанай ауданының мәдениет үйі бұл күні ән құшағында болды. Мына отырғандар – қатысушыларды жеңіске жетелейтін жанкүйерлер. Ырғақ үндестігінде таңғажайып билер және жүректі баурап алатын патриоттық әндер. Бұл күні аудандық өнерпаздар бай репертуарларын көпшілікке тарту етті. Солардың бірі – Айнұр Сейітова. «Шалқыма» ансамбльнде ойнағаныма биыл 10 жыл дейді өнерпаз.

Халық арасында қанат жайған шығармашылықты шыңдау мен шын талант иелерін танытатын тартысқа Қостанай ауданынан 200-ге жуық өнерпаз қатысты.  Мақсат - ділмар таланттарды анықтап, қолдау көрсету, - дейді ұйымдастырушылар.

Ауданда мәдениет саласын дамыту бағытында ауқымды шаралар жасалғаны – мына концерттік бағдарламадан-ақ байқалып тұр. Аудандық әртістер бұл шараға бір жыл бойы дайындалған. Аудан бюджетінен 7 млнға жуық қаражат бөлініп, арнайы киімдер де тігілген. Бір сөзбен айтқанда, фестиваль жоғары деңгейде өрбіді.

Міне, осылайша Қостанай ауданының іріктеу кезеңі жоғары деңгейде өтті. Аудандық байқауда оза шапқан талант иелері, енді аудан намысын шаһарда өтетін гала-концертте қорғайтын болады.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...