ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

"Х ФАКТОР" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

20:09, 26 ақпан 2021

Қостанайлық ағайынды әншілер – Айдар және Бекболат Жазықбаевтардың "БРО" дуэті "Х Фактор" байқауының жеңімпазы атанды. Еліміздегі ең ауқымды тележобаның гранд финалында жерлестеріміз халықтың ең көп дауысын жинады. Бүгін олар Қостанайда брифинг өткізіп, әсерлерімен бөлісті.

Ағайындылардың үлкені, 21 жастағы Бекболат жастығына қарамастан сын сахналарында шыңдалып, тәжірибе жинақтап үлгерген әнші. Ол осы уақытқа дейін бірнеше байқауда топ жарып, биік белестерді бағындырған. Мәселен, Қостанай облысында дәстүрлі түрде өтетін "Алтын микрофон" Халықаралық ән байқауының Гран-Приін қанжығасына байлағанын айтсақ та жетіп жатыр. Сондай-ақ, кіл үздіктер бәсекеге түсетін "Super Qala Kz" тележобасында сәтті өнер көрсеткен. Ресейдің "ТНТ" телеарнасының көпке танымал "Песни" жобасына қатысу ғанибеті де бұйырыпты. Айта кету керек, Бекболат еліміздің ең басты вокалдық тележобасы "X FACTOR"-дың 2018 жылғы сынына қатысып көрген.

Ал Айдар Жазықбаев ағасынан 4 жас кіші, 17 жаста. Сөйте тұра оның да музыка өнерінде бағындырған жетістіктері олқы емес. Атап айтқанда, отандық "Балалар дауысы. Қазақстан" және басқа да халықаралық жобаларда бақ сынап, ерек қабілетінмен көзге түскен. Ағасының жеңісті жолын жалғастырып, бірнеше елдің үздіктері қатысатын "Алтын микрофон" байқауының финалына дейін жетіп, лауреат атанған. Мұнымен қоса, ол Белоруссия елінде өткен "Под крыльями Ориона" байқауында топ жарыпты.  

Енді, міне, екі ағайынды "БРО" атты топ құрып, "X FACTOR" жобасының биылғы бәсекесіне бел шеше кірісіп, әлі күнге мықтылықтарын дәлелдеп келеді. Шынын айту керек, бұл – үздіктердің үздігі ғана іріктеліп-сұрыпталатын, талабы қатал сынақ. Өз ісін жетік меңгерген білікті, "қара қылды қақ жарған" әділетті, турашыл төрешілер тезінен өту – оңай шаруа емес. Оған жобаның тұрақты көрермендері куә болып келеді.

Қатысушыларға әуелі төрелік етіп, кейін топ-топқа бөліп тәлім беріп, қарамағындағы әншілерді өзара сайыстырып келе жатқан қазылар құрамында – Қазақстанның халық әртісі, жобаның тұрақты төрешісі Нағима Есқалиева, продюсер әрі музыкалық сарапшы Нұрберген Махамбетов және танымал әнші, ресейлік "MBAND" тобының бұрынғы мүшесі Анатолий Цой бар.  

 
 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: «МҰРАГЕР» АНСАМБЛІ ЕСЕП КОНЦЕРТІН БЕРДІ
20:39, 13 сәуір 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: «МҰРАГЕР» АНСАМБЛІ ЕСЕП КОНЦЕРТІН БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...