ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

«ҒАСЫРЛАР ПЕРНЕСІ» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

20:45, 12 қазан 2018

Қалыптасқан дәстүр бойынша, Қостанай қаласында «Ғасырлар пернесі» атты қазақ ұлт - аспаптар ансамбльдерінің облыстық фестивалі өтті. Бұл жолғы байқау домбыра өнерінің майталманы, еліміздің Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері - Абай Әмірхановтың туғанына 55 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Төл мәдениетімізді төрге шығаруға зор үлес қосқан жерлесімізді еске алуға арналған аймақтық ансамбльдер аламанына Айдын Шәйкенов куә болып қайтты.

Азаттықтың ақ таңы атысымен, қазақтықтың нышанын нығайтуға, домбыра өнерін дамытуға бар күш-жігерін жұмсаған жерлесіміз – Абай Әмірхановтың туғанынан биыл 55 жыл. Осыған орай, облыстық мәдениет басқармасы мен халық шығармашылығы орталығы   өнер жанашырын еске алу мақсатында домбырашылар додасын ұйымдастырды. Домбыра дегенде, біздің ойымызға Абай Әмірханов және оның жетекшілігімен құрылған «Мирас» ансамблі оралады, - дейді өнердегі інісі жайында өз естелігін айтқан композитор ағамыз.

Еңбегі елеулі жерлесімізді еске алуға арналған фестиваль облыстың ең үздік өнер ұжымдарын насихаттауды, ұлттық шығармаларды көпшілікке кеңінен таныстыруды басты мақсат еткен. Осы ретте, тек Тобыл өңіріне ғана емес, тұтас республикаға танымал, тіпті,   өзге елдерде де есімі белгілі домбырашыны ұстаздары да, шәкірттері де сағынышпен еске алды.

Жыл сайын өтетін өнер мерекесіне, дәлірек айтсақ, домбырашылар додасына жеті ауданның атынан ансамбльдер қатысты. Байқаудың ең басты көздегені - қатысушылардың                                        

музыкалық-эстетикалық тәрбиесі мен орындаушылық шеберлігін жетілдіріп, жастардың жүрегіне ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті ұялату, - дейді маңызды шараға мұрындық болғандар.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...