ШҰҒЫЛ! ҚАУІПСІЗ АУЛА - ТҰРҒЫНДАР ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ Толығырақ

«ҒАСЫРЛАР ПЕРНЕСІ» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ

20:51, 30 қазан 2019

Қалыптасқан дәстүр бойынша, Тобыл өңірінде «Ғасырлар пернесі» атты қазақ ұлт - аспаптар ансамбльдерінің облыстық фестивалі өтті. Шара «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Абайша айтқанда, «әннің де естісі бар, есері бар». Бірнеше жылдық тәжірибесі бар фестивалге келген өнер ұжымдарының әрқайсысы мазмұнды шығармаларды орындауымен ерекшеленді. Бастысы, жанды дауыста. Салт-дәстүрмен сабақтасқан сазды әуенді шырқау үшін ұжым мүшелері үлкен дайындықпен келген.

Байқауда бақ сынап жатқан ұжымдардың әлсізі жоқ. Көпшілігі күрделі шығармалар орындауға тырысып бақты. Олардың ешқайсысы құр қол қайтпады. Облыс өнерінің дамуына өз үлестерін қосқандары үшін ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Облыстық мәдениет басқармасы,халық шығармашылығы орталығы мен Қостанай ауданының мәдениет үйінің қолдауымен өткен іс-шарада орындалмаған қазақ фольклорлық музыкасы болмады. Құрманғазының «Адайынан» бастап, Дәулеткерейдің Көроғлысына дейін шырқалды.

Жыл сайын өтетін өнер мерекесіне  өз өңірлерінің аттарынан 10-ға жуық ансамбль қатысты. Байқаудың ең басты көздегені – қатысушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесі мен орындаушылық шеберлігін жетілдіріп, жастардың жүрегіне ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті ұялату дейді маңызды шараға мұрындық болғандар.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ
12:34, 20 мамыр 2022
МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
15:57, 21 маусым 2022
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...