ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

ҒАФУ ҚАЙЫРБЕКОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ

13:17, 12 желтоқсан 2018

Қазақтың ақиық ақыны Ғафу Қайырбековтың туғанына биыл 90 жыл. Осыған орай Қостанайдағы І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында қазақ поэзиясының жарық жұлдызына арналған шығармашылық кеш өтті. Ақын шығармашылығын сүйер қауым оның өлеңдерін оқып, сыр шертер мәліметтермен бөлісті.

Киелі Торғай өңірі өз таланттарының мерейін қашан да асқақтатып, мәртебесін көтеріп отырған. Торғай қазақ әдебиеті тарихында да ерекше орыны бар өлке. Туған әдебиетті дамытуда, соның ішінде ұрпақ тәрбиесінде теңдесі жоқ шығармалар тудырған осындай өр тұлғалы азаматтардың бірі Ғафу Қайырбеков.    

Мұнан кейін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын Нағашыбай Мұқатов ақынның шығармашылығына шолу жасай келе қазақ поэзиясында Ғафу мектебінің қалыптасқандығын, содан дәріс алып, жыр тылсымын түсінгеннің бірі өзі екендігін және тұтас бір ұрпақ сол мектептен тәлім алғандығын айтты.

«Қыран қанатты қаламгер» тақырыбында өрбіген тағылымы мол шараға өңіріміздің белді тұлғалары қатысып, Ғафу Қайырбековтың өмірі мен өнеріне қатысты естеліктерімен бөлісті.

Айта кетейік, «Дала қоңырауы», «Жер астындағы жұлдыздар», «Қанатты жылдар» сияқты жинақтардың авторы Ғафу Қайырбеков Торғай өлкесінде дүниеге келген.  Қостанайда ақын атындағы мектеп және көше атауы бар.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...