ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

Е.МҰХАМЕДЖАНОВ: ЖОБА ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

20:33, 13 маусым 2018

Жалпы, «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасына қатысушылар қатары былтырғыдан әлдеқайда көп. Биыл әр түрлі кезеңдер бойынша 200-ден астам елді мекеннен 1300 өнерпаз қатысқан.

Бұл туралы Өңірлік баспасөз клубында өткен брифингте «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов айтты. Ол, Ұлттық арна мұрындық болған шараның Қостанай облысында өте жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Тобыл өңірінің таланттары сайысқа тыңғылықты дайындалғандарын, әділқазыларға ең үздікті анықтау оңай болмағанын жеткізді.

Брифингте биылғы жобаның ерекшеліктері айтылып, ұлттық өнерге қызығушылық танытатын жастардың көп екендігі тілге тиек етілді. Сондықтан, бастау алғанына екі жыл ғана болған «Мен қазақпын» мегажобасының болашағы зор.

«Мен қазақпын» мегажобасының «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша жеңімпазы Талғат Молдағалиев болса, қолына домбыра ұстаған өнерлі қазақ баласына осындай мүмкіндік берген Ұлттық арна өкілдеріне алғысын білдіріп, республикалық деңгейдегі сайыста да озып шығуға тырысатынын жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...