ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ

20:41, 26 сәуір 2019

«Өнеріміз саған, Қазақстан!» Осындай атаумен Әулиекөл ауданында халық шығармашылығының фестивалі өтті. Осымен отыз үшінші мәрте іске асып отырған дәстүрлі дода биыл «Жастар жылына» арналды. Жетікөлдіктер қандай өнер көрсетті? Мәдениет саласының өкілдерінің мерекелік шарасын тілші тамашалады.

Әулиекөл ауданының мәдениет үйі бұл күні ән құшағында болды. Зал толы қатысушыларды жеңіске жетелейтін жанкүйерлер. Ырғақ үндестігінде таңғажайып билер және жүректі баурап алатын патриоттық әндер. Бұл күні әулиекөлдік өнерпаздар бай репертуарларын көпшілікке тарту етті.

Халық арасында қанат жайған шығармашылықты шыңдау мен шын талант иелерін танытатын тартысқа Әулиекөл ауданының өнерпаздары 20-дан астам қойылым көрсетті..  Мақсат - ділмар таланттарды анықтап, қолдау көрсету, - дейді ұйымдастырушылар. Көңілді концертке тұрғындардың да алғыстан басқа айтары жоқ.

Ауданда мәдениет саласын дамыту бағытында ауқымды шаралар жасалғаны – мына концерттік бағдарламадан-ақ байқалып тұр. Аудандық әртістер бұл шараға бір жыл бойы дайындалған. Арнайы киімдер де тігілген. Бір сөзбен айтқанда, фестиваль жоғары деңгейде өрбіді.

Міне, осылайша Әулиекөл ауданының іріктеу кезеңі жоғары деңгейде өтті. Аудандық байқауда оза шапқан талант иелері, енді аудан намысын облыс орталығында өтетін гала-концертте қорғайтын болады.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
10:43, 22 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...